«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі  Адыр станциясының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа станции Адыр отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

1. Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Адыр станциясының негізгі орта мектебі"КММ. Заңды мекенжайы Адыр станциясы, Есіл көшесі, 1

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Адыр станциясының негізгі орта мектебі" КММ-де 5 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

 2023 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Адыр станциясының негізгі орта мектебі" КММ 10 қызмет көрсетті;

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген-0 қызмет;

электронды нұсқада көрсетілген -10

 көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада – 0.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі. 2022 жылы 8 қызмет көрсетілді;

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген-0 қызмет;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер -7 қызмет;

қағаз нұсқада көрсетілген -1 қызмет көрсетілген

мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада - 0 қызмет.

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

"Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау";

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау";

"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау".

"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру";

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет сайтта орналастырылған http://sc0015.atbasar.aqmoedu.kz "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Адыр станциясының негізгі орта мектебі" КММ "Мемлекеттік қызметтер" Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.

 

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау. 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

 5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

 2024 жылы "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Адыр станциясының негізгі орта мектебі" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастырылады.


СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс"

26.05.2023

Жалпы ережелер

1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – квазимемлекеттік сектор субъектілері мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функция;

2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу;

3) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өз лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қарсы кінәлі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);

5) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу жолымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыруды және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері.

2. Колледжде негізгі міндеті осы ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімше немесе жауапты тұлға айқындалады.

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын орындайтын жауапты тұлға мүдделердің ықтимал қақтығысы ескеріле отырып айқындалады.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшені немесе жауапты тұлға квазимемлекеттік сектор субъектісінің директорлар кеңесі, байқау кеңесі (ол болған кезде) немесе өзге де тәуелсіз басқару органының шешімімен, көрсетілген органдар болмаған жағдайда,  мектептің басшысы айқындайды.

Просмотров: 3472

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст