«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі  Адыр станциясының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа станции Адыр отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

29.03.2017

    20 наурыз күні біздің мектебімізде Наурыз мейрамы іс-шара өткізілді .Осы мерекемізде  шағын-орталық балалары және 0-9 сынып мектеп оқушылары   дастарқан жайды. Мерекелік дастарқанымызда наурыз көже,бауырсақ, айран, чак-чак, құймақ, палау және т.б .тағамдар болды.

Мерекені өткізу мақсаты : Оқушыларға және тәрбиеленушілерге көктемгі күн мен түннің теңелуі, қазақ ұлтының салт – дәстүрлерін  сақтай білуі .

Наурыз мейрамы – шығыс күнтізбесі бойынша «Жаңа күнді» білдіреді. Мектеп оқушылары өздерінің көркем шығармашылығын дайындап көрсете алды (халық әндері мен билері, Алдар көсе қазақ ертегісі бойынша қойылым қойылды, Наурыз мейрамы тақырыбына өлеңдер айтылды. Оқушылар Қазақ ұлттық ойындарына белсенді қатысты

(асық ату, орамал, қанат тарту сонымен қатар қырқынан шығару, бесікке бөлеу  дәстүрлері көрсетілді). Акті

залында Қазақстан халқының  күйлері ойнады, күлкі, қуаныш мейірімділікке бөленді . Өткізілген мейрам барлық

қатысушыларды бір шаңырақтың астында бірлік пен сүйіспеншілікке баурады.

Қатысушылар қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылығымен патриоттық сезімін оятты.

Просмотров: 519


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст