Құстардың алуан түрлерімен таныстыру және табиғатқа сүйіспеншілікпен ұқыпты қарау мақсатында, Халықаралық құстар күніне орай Адыр негізгі мектебінде 14 сәуір күні «Құстар – біздің досымыз» атты сыныптан тыс іс - шара өткізілді. Мерекеге бірінші сынып оқушылары қатысты.
Дәстүрге арналған бұл мерекенің мақсаты құстардың табиғаттағы және адам өміріндегі рөлін оқушылардың сана - сезіміне жеткізу, табиғатты қорғауға баулу. Біз барлығымыз бірігіп табиғатты қорғап, ұлы әлеммен танысуымыз керек. Бұл әлемсіз өлең-жыр, өнер, тіпті адам да болмауы мүмкін.
Көктемнің қандай белгілерін өлі табиғатта байқауға болады?
Қандай өзгерістер тірі табиғатта өтті? – осы сұрақтарға балалар ұстаздарымен бірге жауабын тауып сол уақытта балалар сөз - жұмбақтарды шешті. Балалар құстарды қорғауға арналған қысқа қойылымдарды көрсетті. Содан соң әр оқушы құстарға қалай қамқорлық көрсетуін және оларға деген мейірімділігі мен сүйіспеншіліктерін айта өтті. Оқушылар мерекеге аса қызығушылықпен қатысты. Іс-шара соңында «Біздің қанатты достарымыз» атты сурет көрмесі өткізілді.
Іс - шараны өткізген бастауыш сынып мұғалімі Аканова А.Р.