«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі  Адыр станциясының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа станции Адыр отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.06.2017

Адыр негізгі мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің   

2016-2017 жылына  өткізген жұмысы туралы

есеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 2 мұғалім жұмыс істейді.
Оның ішінде:
1санатты – 2 мұғалім:Тынжанова Р.К.,Жакпарова Г.Н.

  6-22 қыркүйек аралығында өткен тілдер мерекесіне қазақ тілі пәнінің мұғалімдері ашық сабақтар, интеллектуалды жарыстар өткізді. « Қазақстан –бақытымның ордасы   » атты тілдер мерекесіне арналған аудандық іс-шараға 8 сынып оқушысы Багров Данил белсене қатысқаны үшін мадақтама қағазына иеленді. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері «Қазақстан –ортақ

үйіміз»атты ақпараттық стенд жасап қойды, және әр сыныптарда сынып сағаты өткізілді. Мектепке дейінгі балардың арасында «Бала тілі -бал» атты сайыс өткізілді  ,осы іс-шарада мәнерлеп оқу жарысында Тремпельченко Валерия және Кайпназарова Амина қатысты. Олар Отан туралы өлең жатқа айтты және мұғалімнің сұрақтарына жауап қайтарды. Суретер арқылы

суреттегі заттарды қазақ тіліне аударды. «Менің елім-туған жерім»  сурет көрмесінде белсенді қатысқандар   Кайпназарова Тахмина  ,Кузгумбай Алсу -4сынып , Исабекова Милана ,Целинко Алена- 6 сынып, Ниязова Рада-7 сынып. Оқушылар өздерінің суреттерінде Отан  және туған жері туралы  бейнелеп көрсете алды. Мәнерлеп оқу сайысында« Менің  Қазақстаным» - Крыжная Анжела, Божко Лидия, Жакпарова Алтын,Целинко Антонина, Березина Анна,   Будаева Олеся, Чумак Адам,Рамазан Нурсултан, Ниязова Рада, Жакпаров Мирас,   Багров Данил, Рыбина Диана  белсенді қатысқаны үшін  мектеп әкімшілігінен мадақтама берілді.  Жакпарова Г.Н.. «Тілден артық қазына жоқ» 5-9 сыныптарда   ашық тәрбие сағатын ,әдеби кешін өткізді. Тәрбие сағатын жоғарғы деңгейде өткізді.  Балалар бар ынталарымен дайындалған.   Екі оқушының орындауында «Жаса қазақ тілі» әні орындалды. Жалпы сыныптардың тілге деген құрметі зор екенін байқауға болады. Тынжанова Р.К мемлекеттік тілің білу –парызың қазақ тілінде сөйлесу күнін өткізді. Осы күні мектептегі тұрғындарытек қазақша сөйлесуі керек . Оқушылар бір-бірімен диалог арқылы және сұрақтарға қазақ тілінде жауап беріп тұрды. Сонымен қатар мемлекеттік тілде «Асық», «Асық ату » ұлттық ойындары  өткізілді .Мемлекеттік тілінде  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»диктант жазу байқауы откізілді. 

2016 жылғы 14-24 қараша айында қазақ тілі мен әдебиет онкүндігінде қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері «Біздің болашағымыз –қазақ тілінде» Омаров оқуларын өткізді. Осы шараға 5-9 сынып оқушылар қатысты «Алтын мүйізді бөкен» әңгімесін 7 сынып оқушысы Жакпаров Мирас  үзіндісін жатқа айтты. Викторина «Мен қазақбаласымын» байқауына 7,9 сынып оқушылары қатысты , олар қазақ жазушылар және ақындар туралы сұрақтарға жауап бере алды. Ғажайып ертегілер әлемінде 0-4 сынып оқушылар арасында өткізілді. Оқушылар ертегілер туралы сурет бойынша сөйлесу және тіл дамыту қабілеттерін көрсете білді. «Ойна да күл, оқы да біл!» Мухамет Айгуль ашық сабақ  шағын-орталықта өткізді. Шағын-орталық балалары ойын арқылы сөздік қорын байтты және сөйлесу арқылы тілдерін дамытты. Түпкілікті ұлт өкілдері емес оқушылар арасында мемлекеттік тіл білгірлерінің аудандық сайысында «Көркемдік-театрландырылған қойылым» номинациясында  ІІІ орын иеленген үшін Багров Данилге сертификат және диплом берілді.   Жыл бойы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері құрастырылған жоспарларына сәйкес барлық  іс-шараларды уақытымен өткізді. Қазақ тілі және әдебиет сабақтары  күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаумен өткізілді. Аптасына қазақ тілі сабағы 1,2сынып 2 рет , ал 3-9 сыныптарды 4 рет өткізілді . Қазақ әдебиеті 5-9 сыныптарда аптасына 1 рет . Бағдарлама бойынша барлық тақырыптар және оқу материалы орындалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 794


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст